#дуис актобе
Департаменттің жеке құрамы теологтармен кездесті

Ақпарат
Дата публикации: 28.09.2023
Ақтөбеде сот жүктеген талаптарды орындамаған азаматша бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматша сот талаптарын орындамағаны үшін 11 ай 10 тәулікке бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін «Алаяқтық» бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 38 жастағы азаматшаға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау кезінде Сот тарапынан оның бұрын сотты болмағаны және үш баласының екеуі кәмелетке толмағандығы ескерілген болатын.
Алайда сотталған азаматша өзіне қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік берілгенін ескермей, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын себепсіз, қасқана бұзады. Пробация қызметінің инспекторларына хабарламастан тұрғылықты мекен- жайын тастап, бірнеше мәрте қала сыртына шығады. Пробация қызметіне тіркелуге келмей, тексеріс іс- шарасы кезінде кешкі уақытта тұрғылықты жерінде болмай шығады.
Сонымен қатар, қайта қылмыстық құқық бұзушылық, яғни алаяқтыққа жол берген.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат
Дата публикации: 26.04.2022
Ақтөбе облысы ҚАЖ қызметкерлері "қоян-қолтық ұрыстан" республикалық спорттық турнирден жүлделі орындармен оралды

Ақмола облысының Щучинск қаласында «Қоян – қолтық» спорт түрінен өткен республикалық турнирге қатысқан Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері жүлделі орындарды жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен барлық облыстағы ҚАЖ қызметкерлері арасында өткізілген спорттық турнир 2022 жылғы қаңтар оқиғасында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алуға арналды.
Еліміздің әр облысынан қатысқан, 178 ҚАЖ қызметкерінен құралған 16 команда қатысқан республикалық турнирде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарды қанжығасына байлады: 73 кг салмақ дәрежесінде І орынға КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Данияр Жайлыбаев ие болса, 67 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға КА-168/2 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет капитаны Азамат Азберген, ал 97+ кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Әйтеке би ауданының пробация қызметі тобының инспекторы әділет капитаны Азамат Бақтыбаев жеңіп алды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің имиджін қорғап, республикалық турнирден жүлделі оралған ҚАЖ қызметкерлері департамент басшылығының алғыс хатымен марапатталды.
БАҚ үшін
Дата публикации: 11.04.2022
Ақтөбеде түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар коронавирусқа қарсы екпе алды

«Спутник V» екпесін егу шарасы басталмас бұрын, ҚАЖ қызметкерлерімен түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында екпе алуға ниет білдіргендері ең алдымен дәрігерлердің толық тексерілуінен өтіп, екпе қабылдағаннан кейін де 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметінің бастығы әділет подполковнигі Шынболат Даулбаевтың айтуынша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ сотталғандар өз еріктерімен аталған екпені алуды әлі де жалғастыруда.
Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты барлық мекеме қызметкерлері, сондай- ақ КА-168/2 түзеу мекемесіне қызметке түсетін Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Спутник V» екпесін алған болатын.
Новости
Дата публикации: 05.05.2021
Ақтөбе облысының түзеу мекемелеріндегі кітапхана қоры 140 жаңа діни әдебиеттермен толықты

Түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыратын инспекторлардың айтуынша, дінге сенуші сотталғандарға ұсынылған әдебиеттер арасында қазақтың зиялы тұлғалар өміріндегі ислам және отбасы құндылықтары туралы баяндалған. Жалпы, кітапхана сөресін толықтырған әдебиеттердің негізгі бөлігі сотталғандардың өздерінің сұраныстарына сай жүзеге асырылған.
«Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан дінге сенуші сотталғандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты - оларға оң иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Осы тұрғыда ҚАЖ департаменті облыстық дін істері басқармасымен бірлесіп, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорындағы діни әдебиеттерді жаңа кітаптармен толықтыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов.
Новости
Дата публикации: 26.04.2021
Ақтөбеде колония қызметкерлері сәлемдемеге салынған шоколадты батончиктен марихуана тәркіледі

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге түзеу мекемесіне марихуана затын тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Сәлемдемемен келген шоколадты батончиктің ішіне 16 пластикалық шприц сауытына мұқият жасырған марихуананы Ақтөбе қаласының тұрғыны қамауда отырған сотталған жұбайына жеткізбек болған.
"Сәлемдемені жіберуші өз кінәсін жазбаша түрде толық мойындады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматша есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар, 1 жыл бойына мекемеге кездесуге келу мүмкіндігінен айырылады.
Атап өту керек, түзеу мекемесінің қызметкерлері мекемеге кіруге тыйым салынған есірткі заттарын тәркілеп, оларды тасымалдау әрекетінің жолын кесіп келетіндіктен, жазасын өтеуші сотталғандар осы тектес түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, ҚАЖ қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруді көздейді", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.
Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері түзеу мекемелеріне кіргізуге тыйым салынған төмендегідей заттарды: 600 граммға жуық есірткі заттарын, 1,5литр спирттік ішімдіктерді, 160-тан астам мобильді құрылғылар мен 300 мың теңгеге жуық ақшаны алып өту және пайдалану фактілерінің жолын кесті.
Новости
Дата публикации: 11.04.2021
Пробация қызметі еріктілер тобымен бірге сотталған қарияның пәтерақысын төлеп берді

Сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған 63 жастағы ақтөбелік кейуана, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметіне 2019 жылдың мамыр айында есепке алынды.
Істі болған кейуананы балалары қабылдағысы келмегендіктен, сотталған қария көпқабатты үйлердің бірінде зейнетақысын пәтерақыға төлеп, күнін көріп келеді. Қарт ананың жағдайын түсінген Пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында өңірдегі «Добрые руки» еріктілер тобымен бірлесіп, қарияның пәтерақысын төлеп, азық-түлікпен және қажетті киім-кешекпен көмек берді.
«Есепте тұрған азқамтылған сотталғандарға арналған мұндай қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырудағы мақсатымыз- оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру.
Осы орайда әлеуметтік көмек беруге арналған ұсынысымызды өңірдегі «Добрые руки» еріктілер тобы бірауыздан қолдады. Бұдан бөлек, сотталған қарт ана белінің ауыратындығына шағымданғандықтан, пробация қызметінің инспекторлары алдағы уақытта сотталған азаматшаға жергілікті емханамен бірлесіп МРТ-ға тексеріс жасап, мүгедектігін құжаттандыруға атсалысатын болады»,- дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет аға лейтенанты Айғаным Алмағамбетова.
Қиналған кезінде көмекке қол ұшын созған Пробация қызметіне және еріктілер тобына риза болған сотталған қария:
«Менің зейнетақым пәтерақы мен коммуналдық қызметтерді төлеуге кететіндіктен, күнделікті азық- түлік пен киім- кешекке ауыспайды. Осыны ескеріп, үнемі материалдық көмек көрсетіп келетін Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі мен «Добрые руки» еріктілер тобына алғысымды айтамын»,- деп алғысын білдірді.
Новости
Дата публикации: 11.04.2021
Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде сотталғандардың арыз-шағымы терминал арқылы қабылданады
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен құзырлы органдарға жөнелтетін терминалдар орнатылды.
Құзырлы орындарға жөнелтілген сотталғандардың шағымдары үш күнде қаралып, жауап беріледі.
«Сотталғандардың шағымдары терминал арқылы автоматты түрде прокурорға және қылмыстық қудалау органдарына жолданады. Ал, азаптау туралы шағымдар түскен жағдайда сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жолданады. Қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға қатысты шағымдар полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі.
Шағым немесе өтініш түсірген сотталғанның жеке басын анықтау саусақ іздері арқылы жүзеге асырылады. Бұған қоса, шағымды қарау және шешім қабылдау процесін онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған бұл жұмыс өз нәтижесін береді деп есептейміз»,- дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау тобының жетекшісі, облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрдәулет Сұлтанов.
Күні бүгін мекемедегі барлық сотталғандарға терминалды қолдау тәртібі түсіндірілді.
«Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, мекеме әкімшілігімен жазасын өтеуші сотталғандар мен тергеу- қамауындағы азаматтарға заң аясында әлеуметтік- құқықтық, медициналық және психологиялық тұрғыда көмектер көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар, сотталғандардың туыстарымен жеке мәселелер бойынша қабылдаулар жүргізіледі және мекемелердегі сенім телефоны арқылы сотталғандардың туыстары тәулік бойы өтініштерін білдіре алады»,- дейді КА-168/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры Сабржан Нұртазин.
Айта кетейік, Қылмыстық- атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде қолжетімді болған терминалдар қазіргі уақытта облыстың түзеу мекемелерінің барлығында жұмыс істеп тұр.
Новости
Дата публикации: 11.02.2021
Ақтөбеде пробация инспекторы сотталғанның мерзімі өткен құжатының айыппұлын төлеп берді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы есепте тұрған сотталған азамат М.-ның мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжатының айыппұлын төлеп, жаңа құжатын рәсімдеп берді.
Пробация қызметіне есепке алынған күннен бастап, сотталғанның құрылыс жұмыстарына икемі барын білген Пробация қызметі оның «қайта қылмысқа бармауы үшін» аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, осы саладан құрылыс жұмыстарын ұсынады. Арада аз уақыт өткенде Пробация қызметіне «Қолыма жара шықты, жұмысқа жарамаймын» деп шағымданып келген сотталған Б.-ға пробация қызметі тегін ем алуға емханаға жолдама береді. Алайда сотталған азамат ешқандай себепсіз емханаға да, жұмысқа да бармай қояды. Тіпті, жеке құжатының мерзімі өтіп бара жатқанын ескерткен пробация инспекторларына жүріп-тұруға ақшасының жоқтығын сылтауратып, бармай қояды.
«Есепте тұрған сотталған М. пробация қызметінен жасырынып, тіркелуге келмейтіндіктен, пробация қызметінің инспекторы оны мекен- жайы бойынша жиі тексеріп, сот міндеттеген талаптарды бұзбауы туралы бірнеше рет ескертулер беріп келеді. Сонымен қатар, пробация инспекторы сотталғанға жеке құжатының мерзімі өтіп бара жатқанын, ауыстыруы керектігін бірнеше мәрте ескерткенмен, сотталған азамат нәтиже шығармағандықтан, Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Руслан Кульмурзин, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету аясында, сотталғанның мерзімі өткен құжаты үшін айыппұлын төлеп, жаңа құжатын рәсімдеп берді»,- дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет аға лейтенанты Айғаным Алмағамбетова.
Новости
Дата публикации: 10.02.2021
Ақтөбеде сотталған азаматтар хоккейден жолдастық кездесу ойынына қатысты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды Алтықарасу ауылдық округінде өткен хоккей ойынына қатыстырды.
Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған жолдастық кездесуге ауыл жастары мен Шұбарқұдық спорт мектебінің қызметкерлері де қатысты.
«Аталған спорттық іс- шара Пробация қызметінің Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығымен 2021 жылға бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары аясында, сонымен қатар «Алтықарасу хоккей кортының» ашылуына орай ұйымдастырылды.
3 команда қатысқан хоккейден жолдастық кездесу ойыны «Спорт —денсаулық кепілі» тақырыбына арналды. Жолдастық ойынға қатысуда белсенділік танытып, шебер ойынымен ерекшеленген есепте тұрған азаматтар мен ауданның ерікті жастары аудан әкімінің орынбасарының және Хоккей спорт мектебі директорының қолынан мақтау қағаздармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы, мұндай іс- шаралардың есепте тұрған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін маңызы зор,- дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Ренат Жұмабаев.
Новости
Дата публикации: 31.01.2021
Учаскелік инспекторды балағаттағаны үшін көшені қардан тазалап жүр

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 35 жастағы сотталған азамат учаскелік инспекторды балағаттап, билік өкіліне қол жұмсағаны үшін күніне 8 сағаттан қоғамдық жұмыстарды атқарып, көшені қардан тазалап жүр.
Құқықбұзушылық жағдайы төмендегідей орын алған: күндіз түс әлетінде үйіне мас күйінде оралған Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. жұбайын ұрып-соғады. Күйеуінен жәбір көрген әйелі бұл туралы туыстарына телефон арқылы хабарлап, көмек сұрайды. Туыстары одан әрі полиция қызметкерлеріне хабарласады.
Шақырту бойынша мекен жайға келген учаскелік полиция инспекторлары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін алдымен ішімдік ішкен азаматтың жұбайымен сұхбаттасып, одан кейін азаматтың өзіне одан «мастық күй фактісін» анықтау және хаттама толтыру үшін полиция бөліміне баруы керектігін айтады. Осы мезетте ішімдік ішкен азамат Е. учаскелік полиция инспекторларына бағынбай, оларды балағаттап, қолына түскен жіңішке темірді полиция қызметкерлеріне сермеу арқылы күш қолданып, қарсылық көрсетеді.
Сот отырысында Ақтөбе қаласының тұрғыны Е. өз кінәсін толық мойындап, ҚР ҚК-нің 378 бабының 1 бөлігі, 380 бабының 1 бөлігімен Сот белгілеп берген 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылу бойынша сот үкімі қабылданады.
Қазіргі таңда өз ісіне өкінетінін мойындайтын сотталған Е. Астана аудандық пробация қызметкерлерінің бақылауымен қалалық әкімдік белгілеп берген аумақтарда көшені қардан тазалап жүр.
«Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінде қазіргі таңда 21 сотталған азамат заң бұзғандары үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған.
Бұл азаматтар Астана ауданы әкімдігі белгілеп берген қоғамдық орындарда белгілі бір біліктілікті талап етпейтін көшені қардан тазалау, қоғамдық орындарды тазалау секілді қоғамдық жұмыстарды орындап келеді,– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов.
Новости
Дата публикации: 28.01.2021
Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады⠀
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы түзеу мекемесінің қарауылдық күзетін абыроймен атқарып, әскери қызмет мерзімін аяқтаған Ұлттық Ұлан 6655 1-ші атқыштар ротасының сарбаздарын алғыс хаттармен марапаттады.⠀
⠀
Әскери борышын орындау үшін КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне 55 сарбаз қызметке түсті.⠀
⠀
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Дулат Жумагелдин, тәртіп сақшыларын қызметтерінің аяқталуымен құттықтап, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің атынан алғыс білдірді:⠀
⠀
«Түзеу мекемелеріндегі тыныштықты қорғайтын жауынгерлердің еңбегі баға жетпес. Бұл өте қиын жұмыс, ол ерекше шыдамдылықты, қырағылықты, батылдықты қажет етеді және сіздер бұл қызметті абыроймен атқарып шықтыңыздар. Осындай қиын да, жауапты қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарған Сіздердің алдағы күндері Отан алдындағы серттеріңізге адал болатындарыңызға сенімдімін!»⠀
⠀
Бұдан кейін КА-168/2 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қанат Мақатов, мекеме бастығының атынан сарбаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.⠀
⠀
«Түзеу мекемесіне қарауылға түскен кезде командирлеріміз бізді психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен өзім, әскерде түзеу мекемесіне қарауылдық қызметке түскеніме өкінбеймін. Бұл жерде мен жауапкершілікті, батылдықты, адалдық пен өмірдің құндылығын үйрендім»,- деп бөлісті 1-ші атқыштар ротасының сарбазы Мұстафа Исмаил.⠀
Новости
Дата публикации: 28.01.2021
Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында "тонау" бабы бойынша сотталған 30 жасар ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді.
Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Альбина Ирмағамбетованың айтуынша, пара ұсынған сотталған азамат бұған дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып келген, яғни бұрын жасаған қылмысы үшін сот белгілеген міндеттерді орындамаған. Дегенмен, жоғарыда айтылған заңсыз әрекеттерді "жасыру " үшін, сондай-ақ өзін бас бостандығынан айырмау мақсатында сотталған пробация қызметкеріне 30 000 теңге сомасында пара бергісі келген.
- Жауап алу барысында сотталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның іс- әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы расталған жағдайда, сот жазаны одан әрі өтеу туралы шешім қабылдайтын болады, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев.
Новости
Дата публикации: 28.01.2021